Маңғыстау облысы ел бюджетіне 600 млрд теңгеге жуық кіріс кіргізді

1006

Маңғыстау облысы ел бюджетіне 600 млрд теңгеге жуық кіріс кіргізді

2016 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті ел бюджетіне 595 млрд теңге аударды, деп жазады strategy2050.kz.

Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, ел қазынасына түсіп жатқан салық пен төлемдер саны артуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша  бюджетке салық есебінде  595,3 млрд теңге түсті.

Оның ішінде  Ұлттық қорға 268,4 млрд теңге,  республикалық бюджетке  201,1 млрд теңге, жергілікті бюджетке  125,8 млрд теңге  түсті.

"Мемлекеттік бюджетке түсім  жоспары бойынша тапсырма  102,2 пайызға орындалды", – деп хабарлады департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу