Маңғыстау облысы түйе сүтін ұнтаққа айналдырып, сатуды бастады

639

Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай есептік кездесуде айтты. 

Маңғыстау облысы түйе сүтін ұнтаққа айналдырып, сатуды бастады Фото: canva

Маңғыстау облысында түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдырып, экспортқа шығару үшін 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Өңірде 95 мыңға жуық түйе басы тіркелген. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдырып, экспортқа шығару мақсатында түйе сүтін терең өңдеуге бағытталған 3 ірі инвестициялық жобаны іске асырудамыз. Жалпы биыл облыста ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 22,4%-ға көбейді, – деді ол.

2026 жылы "Қарағантүбек" ЖШС сауын түйелер санын 2000 басқа дейін көбейтіп, құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт құрылысын бастайды. Зауыт жылына 100 тоннаға дейін түйе сүтін қайта өңдей алады.

– Биыл облыста түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды. Салада 2025-2027 жылдары 23,6 млрд. теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба іске асырылады, – деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу