banner

Маңғыстау облысы Жаңаөзен оқиғасының 10 жылдығын еске алмайды

1046

"Ресми еске алу шарасы болмайды. Біз сондай шешім қабылдадық", – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ОртКом қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистерге берген жауабында.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен оқиғасының 10 жылдығын еске алмайды

"Отбасылық ас беру шаралары өтеді. Ал ресми еске алу әкімдік тарапынан қарастырылмаған. Өйткені Жаңаөзендегі жағдайға заңнамалық шешімдер қабылданып, сот үкімі шыққан. Шыққан үкімге ешқандай күмән келтірмеймін", – деді әкім.

Дегенмен ол бұл шешімге қатысты халықтың айтар пікірі болса "тыңдауға дайын" екенін айтады.

Айта кетейік, елде оқиғаға "әлі де әділ баға берілмеді" деп санайтындар бар.

Еске саламыз, Жаңаөзен оқиғасына биыл 10 жыл болады. 2011 жылы 16 желтоқсанда жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болған. Нұрлан Ноғаевтың мәліметінше, оқиғадан 76 адам зардап шегіп, 16 адам қайтыс болған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу