Маңғыстау облысына мал азығы жеңілдетілген тарифпен жеткізіледі

982

2021 жылғы 1 қарашаға дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша жемшөп тасымалдауға жеңілдетілген тариф енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысына мал азығы жеңілдетілген тарифпен жеткізіледі

Биыл 20 қыркүйек пен 31 қазан аралығында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС – "Маңғыстау ЖК бөлімшесі" филиалының станциясында әмбебап меншікті вагондармен бидай кебегін, құрама жемді, арпаны, астық қалдықтарын, күнжараны, жемшөп ұнтағын, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын тасымалдау төмендегі тәртіппен есептеледі:

1) Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтері ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілеген есептеу тәртібіне сәйкес толық көлемде есептеледі;

2) Локомотивтік тартым қызметі мен жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің тарифтері 0,01 коэффициентімен есептеледі;

3) "Қазтеміртранс" АҚ вагондары үшін жұмыс мөлшерлемесі 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;

4) Басшылықта белгіленген жүктерді тасымалдауға байланысты қосымша қызметтер үшін 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;

5) Магистралды, станциялық жолдарда меншікті вагондардың аялдағаны үшін төлем 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі.

0,01 коэффициенті төмендетілген жеңілдік тарифі болып саналады. Тасымалдау тізімінің сомасы белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі, яғни 0,01 коэффициенті тасымалдаушының тізімінде көрсетілген жүктің санына көбейтіледі. Нәтижесінде жеткізілген тауардың ең төменгі есебі шығады.

"Мысалы, құрама жем тиелген вагон Қостанай-Маңғыстау бағыты бойынша жіберілсе, стандартты тарифтер бойынша тасымалдау құны шамамен 420 мың теңге болады. 0,01 төмендетілген тарифпен есептеулер бойынша аталған маршрут бойынша жеткізу сомасы шамамен 100 мың теңге", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу