Маңғыстау облысында 17 бас малдан құтыру ауруы анықталды

1139

Маңғыстау облысында 17 бас малдан құтыру ауруы анықталды

Маңғыстау облысында 17 бас малдан құтыру ауруы анықталды. Қазір олардың көзі жойылған, деп хабарлайды 24.kz.

Ал Ақтөбе өңірінде бруцеллездің 12 ошағы тіркелді. Енді дерт дендемеу үшін наурыз айынан бастап малдың бәрі тексеріліп, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы Тұрсын Қабдолданов осылай деді. Қазір барлық облыстарға бірінші жартыжылдыққа қажетті 99 миллион дана дәрі таратылған. Енді сәуірдің 25-іне дейін жаппай вакцина егу науқаны басталады.

"Шығыс, оңтүстік өңірлерімізде, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысы аймағында аусылға бейім барлық малдар 100 пайыз егіледі. Және ірі қараның арасында туберкулезге тексеріс толықтай 100 пайыз жүргізіледі", - дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы Тұрсын Қабдолданов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу