Маңғыстау облысында 200 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

256

Автокөлікте болған екі ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді.  

Маңғыстау облысында 200 келіден астам бекіре балығы тәркіленді Фото: gov.kz

28 тамызда Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері ЖБО, ЖҚАЖ және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry автокөлік жүргізушісін тоқтатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан сегіз пакетке салынған жалпы салмағы 205 келі болатын 50 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген балық жауапты сақтауға берілді. Тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу