Маңғыстау облысында 200 млн доллар тұратын шойын зауыты салынбақ

942

Тараптар жобаны іске асыруға қатысты меморандумға қол қойған.

Маңғыстау облысында 200 млн доллар тұратын шойын зауыты салынбақ

"Техногран Ақтөбе" ЖШС Маңғыстау облысында құны 200 млн доллар болатын шойын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр деп "Интерфакс-Қазақстанға" өңір әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті.   

Оның айтуынша, тараптар жобаны іске асыруға қатысты меморандумға қол қойған.

"Зауытта цемент өнідіру мен жол құрылысы үшін қажет 250 мың тонна шойын, 250 мың тонна  түйірленген қож шығарылады деп жоспарлануда. Бұл өнім түрі Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстанға жеткізілетін болады. Сондай-ақ бизнесмендер шойында Пәкістан, Иран, Үндістан және Мысырға сатпақшы", – деді өңір әкімінің орынбасары.
Оның сөзінше,   кәсіпорынға шикізат Бескемпір темір кен орнынан жеткізілетін болады. Бескемпір кен орнындағы барланған темір кенінің қоры 36 млн тоннаға жуық.   

"Техноген-Ақтөбе" ЖШС 2001 жылы тіркелген. Неггізгі жұмысы – жылжымайтын мүліктермен операция жасау.         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу