Маңғыстау облысында 200 мың адамды ауызсумен қамтитын су құбыры пайдалануға беріледі

136

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Маңғыстау облысында 200 мың адамды ауызсумен қамтитын су құбыры пайдалануға беріледі Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында 200 мыңнан астам адамды ауызсумен қамтитын су құбырының реконструкциясы аяқталуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су құбырының ұзындығы – 46 шақырым. Ол "Құйылыс-Меловое" кен орнын "Каспий" тұщыту зауытымен байланыстырады. Қазір жұмыстардың 90%-ы орындалған. Нысан 2025 жылдың қазан айында пайдалануға берілмек. Реконструкциядан кейін тәулігіне 46 мың текше метр су тұщыту зауытына тұрақты жеткізіледі. Бұл Ақтау қаласының, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Мұнайлы мен Қарақия аудандарының 200 мыңнан астам тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша батыс өңірлерде елді мекендерді тұрақты ауызсумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір министрлік 2500 шақырымнан астам су құбырын салып, реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шамамен 1,3 млн адамды таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде республика бойынша 9 облыста 31 жоба іске асырылып жатыр. Осы жобалардың нәтижесінде барлық азамат сапалы ауызсуға қол жеткізеді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу