Маңғыстау облысында 2021 жылы 89 тендер жарияланған

810

Олардың жалпы құны 48,4 млрд теңгені құрайды.

Маңғыстау облысында 2021 жылы 89 тендер жарияланған

Биыл Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы 48,4 млрд. теңгеге 89 конкурс жариялаған. Олар электронды мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жүргізілуде, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Атап айтсақ, бұлардың ішінде жасалатын жұмыстар бойынша 42 млрд 582 млн теңгеге 47 байқау жарияланыпты. Мұның 29-ы бойынша қорытынды шығарылған, 15 байқау бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, тауарлар мен қызметтер бойынша 42 байқау жарияланған, олардың жалпы құны 5 млрд 819 млн теңге құрайды. 11 байқаудың жеңімпазы анықталып, 30 байқау бойынша процедуралар жүргізілуде екен. 

Сонымен қатар, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының 8 саласы бойынша мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесіне мониторинг жұмыстары басқармаға жүктелді. Тиісті мамандар жергілікті атқарушы органдардың ақпараттарын жинақтап, орталық жобалық кеңсеге жібереді.
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту аясында жеңіл, жиһаз, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ, фармацевтикалық, целлюлоза-қағаз, химия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері бойынша 2021 жылға өңірде 2,8 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу жоспарланып, 360 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізілген, соның ішінде жергілікті қамту үлесі 150 млн теңге немесе 42% құрайды. Бүгінгі таңда жобалық кеңсенің тапсырмасына сәйкес барлық тиісті жұмыстар атқарылуда және аталған 8 сала бойынша жыл соңына дейін осы жылға бекітілген KPI мөлшеріне жетуге толықтай мүмкіншілік бар", - дейді облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы бөлімінің басшысы Қуаныш Сүгір. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу