Маңғыстау облысында 44 мектеп салынады

394

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін бұл жоспар аяқталуы тиіс.  

Маңғыстау облысында 44 мектеп салынады

Үш ауысымды және апатты мектептерді жою мақсатында Маңғыстау облысында барлығы 44 білім беру нысанын салу көзделген. Оның 35-і жалпы білім беретін, ал 9-ы бастауыш мектеп. Атап айтқанда, Ақтау қаласында – 17 мектеп, Жаңаөзенде 5, Бейнеуде 6, Мұнайлыда 10 мектеп, Түпқараған, Қарақия және Маңғыстау ауданында 2 мектептен салу жоспарда бар. Бұл кәсіби оқытушылар құрамы және балаларды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктері бар заманауи, жақсы жабдықталған, техникалық білім беретін мекемелер болмақ.

Бүгінгі таңда ұлттық жоба аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 300-2500 орындық мектеп құрылысы мен жабдықтардың бірыңғай талабын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін мектептердің жобаларын дайындады. Осыған орай өңірдегі жауапты тұлғаларға білім беру нысандарының уақытында салынуын және сапалы құрылысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу