Маңғыстау облысында ауыл мамандарының жалақысы өсті

799

Сыйақы төлемдерінің орнына енгізілетін бонустар мемлекеттік қызметкерлерге тоқсан сайын олардың тиімді қызметінің қорытындысы бойынша аударылатын болады.

Маңғыстау облысында ауыл мамандарының жалақысы өсті

Маңғыстауда мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің факторлық-балдық шкаласын енгізудің қорытындылары талқылануда, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа жалақы төлеу жүйесі Елбасының "100 нақты қадам" – Ұлт жоспарының шеңберінде жүзеге асқан. Сонымен жыл басынан бері жалақыны 2,5 есеге көтерудің нәтижесінде ауыл мамандарының жалақысы 50 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы конкурс жарияланған кезде ең төменгі жетекші маман лауазымына 14 адам құжат тапсырған. 2 мыңнан астам адам әкімшілік-мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірді. Осылайша, пилоттық жоба бос орындар санының азаюына ықпал етті.

Айта кеткен жөн, сыйақы төлемдерінің орнына енгізілетін бонустар мемлекеттік қызметкерлерге тоқсан сайын олардың тиімді қызметінің қорытындысы бойынша аударылатын болады. Осының арқасында мемлекеттік қызметкердің 4 лауазымдық жалақыдан 12 лауазымдық жалақыға дейін сыйақы алуына мүмкіндігі бар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу