Маңғыстау облысында автобус 10 жасар қызды қағып кетті

139

Қайғылы оқиға 8 шілдеде сағат 17:30 шамасында болған.  

Маңғыстау облысында автобус 10 жасар қызды қағып кетті Фото: pexels.com

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында автобустың қатысуымен жол апаты орын алып, салдарынан 10 жасар қыз қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Баланы Ақтау-Маңғыстау бағыты бойынша қатынайтын автобус қаққан. Қыз бала алған ауыр жарақаттарына байланысты оқиға орнында көз жұмды.

"Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адамның өліміне әкеліп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көлік айып тұрағына қойылды", деп хабарлады аймақ полициясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу