Маңғыстау облысында балаларға қатысты қылмыс көбейді

422

Маңғыстау облысында балаларға қатысты қылмыс саны 21,7% өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz. тілшісі.

Маңғыстау облысында балаларға қатысты қылмыс көбейді Фото: google.com

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің деректеріне сәйкес, елімізде 18 жасқа дейінгі бала саны– 6 616 774. Оның ішінде 3,7 млн-нан астам оқушы, 2,5 млн мектеп жасына дейінгі балалар, 400 мыңнан астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, агрессия және қатыгездік көп кезігетіні атап өтілді.

Балаларға қатысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны Түркістан - 213, Алматы - 185 және Қарағанды облыстарында - 165 жағдай тіркелген.

Өңірлердің бөлінісінде балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуі соңғы жылдары Алматыда - 58,9%, 90-нан 143 жағдайға дейін байқалады. Батыс Қазақстан облысында 39,4%, 109-дан 152 жағдайға дейін өсім тіркелді. Көшбасшы өңірлердің үштігіндегі Павлодар облысында 32,8% құрап, 61-ден 81 жағдайға дейін өскені белгілі болды. 

Одан әрі Маңғыстау облысында балаларға қарсы қылмыстар саны 21,7%, 69 - дан 84 - ке дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу