Маңғыстау облысында борышкерлерден 40 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

442

921 әкімшілік іс мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданды.

Маңғыстау облысында борышкерлерден 40 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында борышкерлерден 40 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.

12-19 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шараға 300-ге жуық мүдделі қызметкер жұмылдырылды.

"Жеті күнге созылған іс-шара аясында 921 әкімшілік іс мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданып, 5139 борышкердің тұрғылықты мекенжайларына ескерту хаттар жіберілді. Сонымен қатар 62 мыңнан астам хабарлама таратылды. Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтардан 40 млн 926 мың теңге өндірілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу