Маңғыстау облысында есірткі арнасының жолы кесілді

318

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Маңғыстау облысында есірткі арнасының жолы кесілді Фото: ҰҚК

Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz.

"Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтауда есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Тінту барысында 100 келіден аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу