Маңғыстау облысында қараусыз қалған жер батпаққа айналды

375

Атамекен ауылында 24 соттық жер игерусіз қалған.

Маңғыстау облысында қараусыз қалған жер батпаққа айналды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындары батпаққа батып барамыз деп қынжылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өйткені, Атамекен ауылында 24 соттық жер игерусіз қалған. Салдарынан жаңбырдың суы жиналып жағымсыз иіс қолқаны қабады. Оған маса үймелеп тұрғындар тыныштығын бұзып отыр. Тәуелсіздік алғалы жерін игермеген иесі не істейді? Әкімдік қандай шара қолданады?

Болашақ тұрғын үй массивіндегі батпақтың мәселесі соңғы 10 жылда үздіксіз айтылып келеді. Алайда, жер иесі де, жергілікті әкім де шара қолданбаған. Бүгінде 24 соттық жер 500-ден аса отбасы қоныстанған ауылға зиын келтіріп тұр. Орталық көшені жағымсыз иіс басып, зиянды жәндіктер қаптады. Салдарынан тұрғындар кешқұрым көшеге шығудан қорқады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу