Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізге ағып кеткен 3 адамды тапты

420

Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.  

Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізге ағып кеткен 3 адамды тапты Фото: Видеодан скриншот

Өткен түнде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан 3 адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оларды іздеуге ТЖМ күштері дереу шыққан.

– Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген хабарламада.

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасап, жел күшейген кезде суға шықпауды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу