Маңғыстау облысында мал ұрлаған 4 адам сотталды

731

Мал ұрлағымен бірнеше рет қылмыс жасаған үш күдікті 6 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау облысында мал ұрлаған 4 адам сотталды

Ал қылмыстық әрекетке алғаш барған біреуіне 5 жыл шартты түрде жаза кесілді. Оқиға Бейнеу ауданында болды. Сотталушылар 2 қой, 1 сиыр ұрлағанымен қоймай, үйдегі теледидарды да үптеп кеткен.

Олар қылмысты мас күйде жасағадарын мойындады. Бейнеу аудандық соты төртеуіне де жазасын шартты түрде өтеуге үкім шығарған. Алайда прокуратураның апелляциялық шағымынан соң іс қайта қаралып, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгертті.

Маңғыстау облыстық соттың судьясы Гүлажар Бақытжанова: "Жәбірленуші келісім берсе, мұндай ауыр қылмыс жасаған адамдарды босата берсек, онда әділдік, заңдылық не керек деген сұрақ туындайды. Басқа да сот алқасының судьялары болып ақылдасып, істегі дәлелдерге, мән-жайларға баға бере отырып, үшеуіне сотпен берілген 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолдандық. Қылмыскерлер сот залында қамауға алынды", – дейді.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу