Маңғыстау облысында мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеріс басталды

168

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жаппай улануынан соң Бас прокуратурамен келісе отырып санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды реттеуге кірісті.    

Маңғыстау облысында мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеріс басталды Фото: canva.com

Аймақты тексеру барысында барлығы 72 нысан айқындалып, бүгінгі таңда 14 мектептің ас әзірлейтін блогы қамтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту, денсаулық сақтау министрліктерін, Бас прокуратураны қоса алғанда, мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Денсаулық сақтау министрлігінен ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман енгізілді.

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысының арасында тамақтан шыққан соңғы топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тергеп-тексеру басталып, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулы шығарылып, әкімдіктің жанынан штаб та құрылды. Тексеру нәтижелері толық аяқталған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу