Маңғыстау облысында сауда орталығының шатырын жел ұшырды

116

Оқиға 16 ақпанда Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында болған.     

Маңғыстау облысында сауда орталығының шатырын жел ұшырды  Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында қатты желдің салдарынан сауда орталығының шатыры ұшып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 ақпанда кешкі сағат 18:45 шамасында мониторинг барысында "Бақжан" сауда орталығында шатырдың ұшқаны анықталған.

Жел екі қабатты ғимараттың шамамен 100 шаршы метр шатыр жабындысын жұлып әкеткен. Нысанның жалпы аумағы 612 шаршы метрді құрайды.

Ұшқан шатыр сынықтары тұрақта тұрған 2 автокөлікке және 1 жарықтандыру бағанасына зақым келтірген.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына департаменттің қызметкерлері мен 2 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу