Маңғыстау облысында табиғи газды ірі көлемде ұрлау дерегі анықталды

1093

Ақтау қаласындағы ірі темір балқыту зауыты құны 1 миллиард теңгеге жуық көгілдір отынды заңсыз жағып келген.

Маңғыстау облысында табиғи газды ірі көлемде ұрлау дерегі анықталды

"Қазтрансгазаймақ" мекемесінің өкілдері Маңғыстау облысында табиғи газды ұрлау дерегін анықтады, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтау қаласындағы ірі темір балқыту зауыты құны 1 миллиард теңгеге жуық көгілдір отынды заңсыз жағып келген. Сол себепті "ҚазТрансГазАймақ" кәсіпорынға берілетін газға 22 ақпаннан бастап шектеу қойды.

"Жоба бойынша "Aktau Steel" зауытының аумағында газ тұтынатын нүкте саны төртеу деп көрсетілген. Алайда ол жерден тағы қосымша 55 нүкте табылды, яғни 55 қондырғы газ көзіне заңсыз қосылған. Тұтыну әдістемесіне сәйкес есептесек, осы заңсыз әрекеті арқылы зауыт құны 900 млн теңгемен пара-пар сұйытылған отынды заңсыз қолданған", ­­­- дейді "Қазтрансгазаймақ" АҚ МӨФ директорының бірінші орынбасары Ернұр Ибраев. 

Сол себепті кәсіпорынға берілетін газға 22 ақпаннан бастап шектеу қойылды.  Ендігі кезекте компанияның өңірлік филиалы тиісті соманы өндіріп алу мақсатында жергілікті сотқа жүгінбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу