Маңғыстау облысында вокзал маңындағы асхана сатушысына ыстық май шашып жіберген ер адамның соты басталды

1057

Маңғыстау облысында вокзал маңындағы асхана сатушысына ыстық май шашып жіберген ер адамның соты басталды

 

Мұнайлы аудандық соты вокзал маңындағы асхана сатушысына ыстық май шашып жіберген ер адамға қатысты істі қарауды бастады. Денесінің 30%-ын күйік шалған Сымбат Қозыбай жәбірлеуші тиісті жазасын алады деп үміттеніп отыр.

Айыпталушы Маңғыстау облысының 31 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бап 7-бөлімінінің 7-тармағы бойынша айыпталуда. Жәбірленушінің адвокаты Намиға Веливаның айтуынша, бұл бап бойынша айыпталушы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.  

"Менің әпкем әлі күнге дейін ем қабылдап жүр, оның бетіндегі күйген жерлер әлі жазылған жоқ. Тіпті соттың өзіне бетіне орамал жауып келді. Әрине, айыпталушының тиісті жазасын алғанын қалаймыз", – деді жәбірленушінің туыстары.

Еске сала кетер болсақ, оқиға 2017 жылдың қараша айында болған еді. Таңғы сағат бесте арақ сатудан бас тартқан Сымбат Қозыбайға ер адам қазанда қайнап тұрған ыстық майды шашып жіберген болатын, осының салдарынан оның денесінің 30%-ы күйіп қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу