Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды

100

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

24 желтоқсанда 21:10 шамасында Бейнеу ауданы полиция бөлімі Боранқұл елді мекенінің 2 ауылында белгісіз тұлғаның заңсыз киік аңын тасымалдап жүргені туралы ақпарат түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енді.

25 желтоқсан күні сағат 00:30 шамасында Боранқұл ауылында тұрғынның ауласында тұрған автокөлікке тінту жүргізілді.

Автокөліктің артқы жүк салғышынан сирақтары кесілген, ішек-қарны алынған 8 бас киіктің өлексесі табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу