banner

Маңғыстау облысында жаңа тарихи ескерткіштер анықталды

1959

Маңғыстау облысында жаңа тарихи ескерткіштер анықталды

Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері Солтүстік Үстірт шыңдары, Мұзбел жоны мен Қарынғұрлы жазығында жүргізген археологиялық экспедиция нәтижесінде 16 жаңа ескерткіш тапты. Оның 14-і сәулетті ескерткіш, қалған екеуі археологиялық үйіктер, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандар Шатыр және Тақырбас үйіктерін темір дәуіріне жатқызып отыр. Іссапар кезінде табылған нысандар алдын ала есепке алынды, алдағы уақытта толық зерттеледі. Жалпы аспан астындағы мұражай саналатын Маңғыстауда 590 тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуде тұр. Оның 20-сы республикалық дәрежедегі ескерткіштер санатында. 
 "Мамыр айында біз үлкен кешенді экспедиция ұйымдастыруды жоспарлаймыз. Оған тарихшылар, археологтар, этнографтар, архитекторларды қатыстырамыз. Нәтижесінде бір бейнефильм дайындалады. Ғылыми есептер дайындалады. Осы экспедицияның мақсаты біздің Маңғыстаудың ескерткіштерін толық зерттеу жұмыстарын өткізуді жоспарлайды", - дейді облыстық тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары Марат Өтесінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу