Маңғыстау облысының Құрық ауылында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Кадрдан оннан аса баланың қатысуымен болған қақтығысты байқауға болады. Куәгерлер түсірген видеодан жасөспірімдердің бір-біріне таяқ және тас лақтырғаны видеоға таспаланған. Тіпті тарсылдаған дауыстар да анық естіледі.
Жасөспірімдер арасындағы кикілжіңнің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті видеода қақтығысқа қатысқан барлық жасөспірім анықтап, олар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.
"Қазір бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналары да бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – делінген полиция таратқан хабарламада.