Маңғыстау облысында жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

303

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындары қатыса алады.

Маңғыстау облысында жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады Фото: elements.envato.com

"Отбасы банкі" және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "Отбасы банкі" Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Банктің мәліметіне сүйенсек, "Маңғыстау жастары" деп аталатын жеңілдетілген несие беру бағдарламасына 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындары қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • өтінім беру сәтінде қатысушының жасы 35 жастан аспауы;
  • қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы;
  • соңғы 2 жыл ішінде Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуде болуы;
  • соңғы 6 айда бір адамға шаққандағы табысы 150 098 теңгеден аспауы керек.

Банк өкілдері бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді тіркелген мекенжайы бойынша сатып алатынын, бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алатынын еске салды.

Бағдарлама бойынша үй алу үшін бастапқы жарна – 10 пайыз, несие мөлшерлемесі жылдық – 5 пайыз. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу