Маңғыстау облысында жеңіл көлікпен автобус соқтығысып, 1 адам көз жұмды

112

Оқиға кеше сағат 13:30 шамасында Батыр мен Қызылтөбе-2 ауылдарының арасындағы трассада болған.

Маңғыстау облысында жеңіл көлікпен автобус соқтығысып, 1 адам көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы (ПАЗ) соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Ал, автобуста 4 жолаушы мен кондуктор болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілді, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу