Маңғыстау облысында жұмыртқа өндіретін фабрика салынады

1371

Маңғыстау облысында жұмыртқа өндіретін фабрика салынады

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  ауыл шаруашылығы саласының тауар өндірушілері және инвесторлары бас қосқан жиынға қатысты. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 13,7 млрд теңге, оның ішінде егін шаруашылығында - 2,8 млрд теңге, мал шаруашылығында 10,9 млрд теңге болды.  Жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) –108,2% оның ішінде егін шаруашылығында 133%, мал шаруашылығында 108,2% құрады. Сонымен қатар жалпы көлемі 20 гектарды құрайтын 27 жылыжай жұмыс істеуде. 2018 жылы алаңы 27 га құрайтын, 31 жылыжайлар кешені жұмыс жасайтын болады. Алдағы уақытта да облыс халқын жергілікті көкөніс және бақша өнімдерімен толық қамту үшін жылыжай кешендерін одан әрі дамыта түспек.

Шағын және орта бизнесті барынша қолдау, соның ішінде несие ресурстарына қолжетімділікті жеңілдету бағытында 2017 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 474 млн теңге толықтай игеріліп, нәтижесінде ауылдық елдімекендерде тұратын 130 азаматқа шағын несие беріліп, 219 адам жұмыспен қамтылды. 2018 жылға бұл қаржы 4 есе өсіп, 2,0 млрд теңгені құрап отыр. 2018-2019 жылдары құс етін өндіру фабрикасы, құс шаруашылығы, көкөніс сақтау қоймалары, жылыжайлар кешені құрылысы сияқты ірі жобалар іске асырылатын болады", - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, биыл жылына 143 млн дана жұмыртқа өндіретін фабрика құрылысы жоспарлануда. 50 жұмыс орны ашылмақ. Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылындағы 3 га жылыжай кешенін кеңейту құрылысы жұмыстары аяқталуда. Ақтау қаласында 2 га жылыжай кешені құрылысы,Түпқараған ауданы құс еті зауыты салынатын болады.

2018 жылға жоспарланған жобалардың инвестициялық құны шамамен 8, 808 млрд теңге құрайды. Барлығы 237 жұмыс орны ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу