Маңғыстау облысындағы 140 автобустың 120-сы метанды пайдаланады

Нұрлан Ноғаев тұрғындар тарапынан сынға ұшыраған қоғамдық көлік мәселесіне тоқталды.

Маңғыстау облысындағы 140 автобустың 120-сы метанды пайдаланады Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Өңір әкімі тұрғындар тарапынан сынға ұшыраған қоғамдық көлік мәселесіне тоқталды.

"Көбінесе көліктің жетіспеушілігіне немесе көліктің сапасына қатысты сын айтылады. Бұл мәселені шешу мақсатында 140 автобус сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 54-і келіп отыр. 140-тың 120-сы метан отынын пайдаланатын автобустар болады. Бұл дизель отынына немесе бензинге қарағанда бағасы әлдеқайда төмен. Және экологияға әсері өте төмен болады. Алдағы уақытта Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау ауданында, басқа да қажет жерлерді қойып, облыста  метан газымен жүретін көліктің  саны арттыруға ықпал етеміз. Және де коммуналдық  меншіктегі техникаларды метанға ауыстыру жөніндегі мәселелермен айналысып жатырмыз", – деді өңір әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу