Маңғыстау облысындағы кен орнында төтенше оқиға болды

291

Жаңаөзен қаласының маңындағы мұнай ұңғымасында апат орын орын алды.  

Маңғыстау облысындағы кен орнында төтенше оқиға болды Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда Теңге ауылынан 500 метр жерде мұнай ұңғымасынан мұнай-газ атқылап, тағы да атмосфералық ауа ластанды.

Төтенше жағдай таңертең сағат 08:30 шамасында "Petro Мұнай-Газсервис" серіктестігіне тиісті №553 ұңғыманы бұрғылау кезінде болған. Мекеме тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, төтенше жағдай оқшауланған.

Облыстық Экология департаментінің мамандары оқиғаның қоршаған ортаға зардабын анықтау үшін сынамалар алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу