Маңғыстау облысының әкімдігі "Астана халықаралық қаржы орталығымен" меморандумға қол қойды

1109

Маңғыстау облысы өзге облыстардың ішінен бірінші боп  АХҚО-мен меморандум жасады.

Маңғыстау облысының әкімдігі "Астана халықаралық қаржы орталығымен" меморандумға қол қойды

"Астана экономикалық форумы" аясында Маңғыстау облысы "Астана халықаралық қаржы орталығымен" бірігіп, "Global Silk Road Mangystau invest 2019" халықаралық форумын өткізді. Осының нәтижесінде Маңғыстау облысы өзге облыстардың ішінен бірінші боп  АХҚО-мен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов жаңа меморандум аясында жан-жақты келісімге келді. Бұдан былай Маңғыстау өңірі инвесторлармен  халықаралық құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады.

Басты мақсат - АХҚО қатысушыларын Маңғыстау облысының экономикасына инвестиция құюға шақыру арқылы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру. Форумның нәтижесінде кәсіпкерлермен Маңғыстау облысында құны 230 млн АҚШ долларын құрайтын екі инвестициялық жобаны іске асыруға келісімге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу