Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметі 32 жаңа автокөлікпен толықты

262

Бүгін, 18 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай жедел медициналық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық жедел жәрдем бөлімшесіне жергілікті бюджет есебінен алынған Hyundai Staria маркалы 32 жаңа жедел жәрдем автокөлігін табыстады.

Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметі 32 жаңа автокөлікпен толықты Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылы шығарылған жаңа автокөліктер алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толықтай бейімделген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әрбір санитарлық көлік дефибриллятор, аспиратор, өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты, реанимациялық рюкзак, 15 литрлік оттегі баллоны және медициналық каталкамен жабдықталған.

Бұл жедел жәрдем бригадаларына төтенше жағдайларда науқастарға уақтылы әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау саласын дамыту, әсіресе жедел медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – өңір үшін маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

"Халықтың өмірі мен денсаулығы – басты құндылық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде медициналық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жаңа автокөліктер жедел жәрдем қызметінің жұмысын жандандырып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады деп сенемін", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сондай-ақ, іс-шара барысында облыс әкімі жаңадан тұрғызылған жедел медициналық жәрдем станциясының ғимаратын аралап көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу