Маңғыстау полициясы бір күнде 28 жезөкшені ұстады

315

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлайды. 

Маңғыстау полициясы бір күнде 28 жезөкшені ұстады Фото: Маңғыстау облыстық Полиция департаменті

Маңғыстауда интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қыз ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 желтоқсанда "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қызды ұстады. Олардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 және 492-баптары бойынша, жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, зинақорлықпен айналысатындарға пәтерді жалға бергені үшін екі адам жауапқа тартылған.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының Полиция департаменті жеке кәсіпкерлер мен риэлторлық ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға үй-жайларды беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және ол үшін 300 мың теңгеден астам айыппұл салынатынын түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу