Маңғыстауда 100 мың оқушы бос уақытында үйірмеге қатысады

684

Олар 11 қосымша білім беру ұйымы мен 3 мыңға жуық үйірмеге барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда 100 мың оқушы бос уақытында үйірмеге қатысады

Өңірдегі 3 оқушы орталығы мен шығармашылық үйіндегі үйірмелер ақысыз. Ал 8 өнер мектебі ақылы қызмет көрсетеді.

Бағасы 1700-2000 теңге аралығында. Қосымша білім беру ұйымдарының жанынан ашылған аула клубтарына да тегін қатысуға болды.

"Әрбір біздің білім алушымыз, жасөспірімдеріміз бос уақытында спорттық болсын, шығармашылық, өнер, туризм, экология болсын, түрлі бағыттағы өздерінің қызығушылықтарына қарай үйірмелерге қатысады. Білім саласындағы ауқымды бағдарламалар аясында да жұмыстар жасалып жатыр", - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу