Маңғыстау прокуратурасы нормативтік құқықтық актілердің мониторингі шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарына нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыстық мәслихаттың 25.10.2019ж. №31/368 шешімімен тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі бекітілді.
Бұл жеңілдіктер азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде бастапқы жарна немесе тұрғын үй құнын ішінара төлеу кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуге арналған.
Өткен жылы тұрғын үй жәрдемақысын беруді реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, алушылардың санаттарының саны 2-ден 12-ге дейін кеңейтілгені анықталды.
Облыстық мәслихаттың шешіміне тиісті өзгерістердің енгізілмеуінің нәтижесінде 100 мыңнан астам азамат (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары) көзделген тұрғын үй жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндігінен айырылды.
Прокурордың наразылығымен қала және аудан мәслихаттарының шешімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.