Маңғыстауда 120 отбасы баспаналы болды

1489

Әрқайсысы 24 пәтерлі 5 үй "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған.

Маңғыстауда 120 отбасы баспаналы болды

Қарақия ауданы Құрық ауылында 120 отбасы пәтерлі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әрқайсысы 24 пәтерлі 5 үй "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған. 4 қабатты үйдің құрылысы 2018 жылы сәуірде басталған.

"Әр пәтерде 2 бөлме бар, олардың аумағы әртүрлі, 53 шаршы метрден 55 шаршы метрге дейін. Тұрғын үйге 835 млн тг жұмсалды. Қаражаттың 10 пайызы – жергілікті бюджеттен, 90 пайызы – республикалық бюджеттен бөлінді. 5 үйдің жалпы аумағы – 6755 шаршы метр",– дейді Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Гүлмира Қылаубаева.

Баспана әлеуметтік көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген.

Игі шараға қатысқан облыс әкімі Серікбай Трұмов тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

"Игілікті істің куәсі болып отырмыз. Биыл Маңғыстауда 1 млн 200 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Құрық ауылының бас жоспарына сәйкес, балаларға білім беретін мектеп салуды жоспарлап отырыз. Сумен қамту, кәріз жүйелерін тазалау бойынша жобаларымыз бар. Құжаттары жасалуда. Мұнай іздеу бойынша да жоспарлар жоқ емес. Тағы бір компания құрылып, іске кірісіп жатыр",– деді Серікбай Трұмов.

Келесі жылы Қарақия ауданы Жетібай ауылында 144 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттары дайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу