Маңғыстауда 13 медициналық мекемеге айыппұл салынды

335

Олар науқастарға көрсетілмеген қызметтерді жалған толтырып, заңсыз тіркеп келген.      

Маңғыстауда 13 медициналық мекемеге айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалына тұрғындардан бір жарым мыңға жуық арыз келіп түсті. Олардың 30-дан астамы қызметтерді заңсыз тіркеуге қатысты. Бұл туралы филиал сарапшылары хабарлады.

"Оның ішінде 33 өтініш медициналық ақпараттық жүйелердегі жалған ақпарат фактілері бойынша, яғни заңсыз тіркеу. "Құқық бұзушылардың" барлығы денсаулық сақтау субъектілері мүлдем көрсетпеген қызметіне қатысты болған. 13 дерек бойынша айыппұл өндіру шарасы қолданылды", - дейді сарапшылар.

Филиалда Қор жеткізушілері ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жасалатынын еске салды.

"Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, іс жүзінде көрсетілген және құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді", - деп атап өтті филиалда.

Тіркелу фактілері бойынша қайда жүгінуге болады?

Медициналық қызметке тіркелу-бұл медициналық ұйым сізге іс жүзінде көрсетілмеген медициналық қызметті жазған кезде, әлеуметтік сақтандыру қорына төлеуге шот-фактура жасалады. Сондықтан да егер емделуші өзі алмаған қызметті тіркеу фактілерін дербес анықтаса, бұл туралы медициналық сақтандыру қорына хабарлау қажет. Шағым немесе өтініш беру үшін 1414 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу керек.

"Тіркелген факті дәлелденген жағдайда Қор медициналық ұйымға үш есе мөлшерде айыппұл салады. Бұл қаражат қордың шотына қайтарылады және ақша қайтадан сақтандырылған халыққа көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге жұмсалады", - деп атап өтті сарапшылар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық көмектің мемлекет кепілдік берген тегін көлемі (ТМККК) және МӘМС бойынша өнім берушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу