Маңғыстауда әйелдерге арналған операция 200 ер адамға "жасалған"

364

Мемлекетке келтірілген залал көлемі 221 миллион теңгеден асады.

Маңғыстауда әйелдерге арналған операция 200 ер адамға "жасалған" Фото: freepik

Маңғыстау облысында екі жекеменшік медициналық клиниканың басшылығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі жекеменшік клиниканың басшылығына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. 

"ИБН СИНА" және "SOFIE MED GROUP" медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған "варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның – "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы" қызмет кодын көрсеткен”, – делінген тергеу деректерінде.

Салдарынан 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар 19 науқас аталған клиникаларға мүлдем жүгінбеген. 

Тергеп-тексеру жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу