Маңғыстауда 23-24 шілдеде дабыл жүйесі іске қосылады

169

23-24 шілде күндері Маңғыстау облысында "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда 23-24 шілдеде дабыл жүйесі іске қосылады Фото: freepik

Аталған іс-шара Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау" тақырыбы бойынша өтеді.

Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйесі тексеріледі, азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет ету дайындығы пысықталады.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан аталған жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу