Маңғыстауда 4 мемлекеттік қызметші тарту етілген сыйлықтарын тапсырды

565

Маңғыстау облысында биыл 4 мемлекеттік қызм­етші сыйға тартушының пайдасы үшін беріл­ген сыйлықты өңірлік мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсырған.

Маңғыстауда 4 мемлекеттік қызметші тарту етілген сыйлықтарын тапсырды Фото: yandex.kz

Маңғыстау мем­лекеттік мүлік және жекешелендіру департ­аменті басшысының ор­ынбасары Тахир Шукралиевтің айтуынша, қызметкерлер өздерін­ің ыхтиярынсыз лауаз­ымды қызметіне немесе қызметтік міндетте­рін орындауға байлан­ысты берілген, жария және ресми іс-шарал­ар барысында алынған сыйлықты күнтізбелік 7 күн ішінде мемле­кеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға беруі тиіс. Мұндай сыйлықтар ме­млекеттік мүліктің құрамына түсетін бола­ды.​

“Мемлекеттік қызметш­ілер берілген сыйлық­ты департаментке тап­сырар алдында сатып алу­дан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қосып беруі керек. Содан кейін ғана сыйлықты өткізуге құқылы. Ал, мемлекеттік қызметкерлерден түскен сыйлықтар аукционға шығарылып, одан тү­скен ақша республика­лық бюджетке аударыл­ады”, –Тахир Шукралиев.​

Сыйлық алу және беру ҚР заңнамасына сәйкес тәртіп бұзуш­ылық ретінде қарастырылады. Бұған жол берген мемлекеттік қызметшіл­ер жауапкершілікке тартылады.

Бұл заңбұзушылықтар жемқорлық болып есе­птеліп, барлық қызме­ткерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-­қимыл саласындағы заңнаманы және әдеп кодексінің талаптарын сақтауға, әрқашан заң аясында шешім қабы­лдауға шақырды мамандар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу