Маңғыстауда 400-ден астам шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

292

Өңірде 15 734 шетелдік азамат тұрақты тұрып жатыр.  

Маңғыстауда 400-ден астам шетел азаматы ел аумағынан шығарылды Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2401 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 442 адам ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есепті кезеңде 509 адамға тұрақты тұруға рұқсат беріліп, дәл осынша адам Қазақстан азаматтығына қабылданды. Құжаттандыру бағытында 30 918 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар 11 мыңнан астам шетелдік уақытша тіркеуге алынды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу