Маңғыстауда 7 мектеп салынады

1166

Маңғыстау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Манкешова мәлімдеуінше, келер жылы 7 жаңа мектеп салынады.  

Маңғыстауда 7 мектеп салынады

"Бүгінде ең өзекті мәселе – аймақтағы білім беру нысанының санын көбейту. Қазір 5 мектептің құрылысы басталды. Оның 3-уі Ақтау қаласының жаңа шағын ауданында орналасса, 2-уі Мұнайлы ауданында салынып жатыр. Тағы 2 мектептің құрылысын салуға конкурс жарияланды. Оның бірі – Маңғыстау ауданы Бекі ауылындағы 100 орындық орта мектеп болса, тағы бірі – Ақтау қаласының 34 шағынауданында орналасқан 900 орындық мектепке жапсаржай құрылысын салу жобасы", – деді Айнұр Манкешова. 

Бұдан бөлек жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі. Биыл қолданысқа берілетін білім беру нысандарына тоқталсақ. Ақтау қаласының 32А шағын ауданындағы №29 орта мектептің 300 орынға арналған жапсаржай құрылысы, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Күйкен орта мектебі жанындағы оқу корпусы және Ақтау қаласы Өмірзақ ауылындағы №27 мектептің жапсаржайын қайта құру жобасы бар. Бұл жұмыстар жақын арада аяқталады.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу