Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында зейнеткерлік жасқа жеткен 70-ке жуық мұғалім мен білім беру саласының қызметкеріне тиесілі өтемақының төленбегені анықталды, деп хабарлайды сайты.
Аудан прокуратурасының мәліметінше, төленбей қалған қаражаттың жалпы көлемі 8 млн теңгеге жуықтаған.
Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін мектеп директорлары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Ал 70 зейнеткерге тиесілі қаражат толық көлемде аударылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу