Маңғыстауда 70 келіден астам есірткі тәркіленді

314

Бұл - жыл басынан бергі көрсеткіш.

Маңғыстауда 70 келіден астам есірткі тәркіленді                        Фото: Маңғыстау облысы ПД

Биылғы жылдың тоғыз айында есірткі қылмысының 230 фактісі тіркелсе, оның 69-ы есірткі қылмысы. Оны жасаған 183 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы – 70 келі 779 грамм.                                                                                                                          

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері 220 профилактикалық іс-шара жүргізді. Рейдтер барысында 440 граффити жазбалары жойылып, есірткі және психотроптық заттарды жарнамалайтын 89 веб-сайт бұғатталды.                                                                                                                                         Теңіз, темір жол мен тас жолдың бәрін тоғыстырған Маңғыстауда есірткі қылмысымен күрес күшейе түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу