Маңғыстауда ақша түріндегі алғысы үшін әйелге жарты млн теңге айыппұл салынды

382

Көші-қон саласындағы қызметтер үшін ақшалай сыйақы түрінде бес мың теңге аударған әйелге 483 000 теңге айыппұл салынды. 

Маңғыстауда ақша түріндегі алғысы үшін әйелге жарты млн теңге айыппұл салынды Фото: kzl.sud.kz

Маңғыстау облыстық сотының хабарлауынша, Бейнеу аудандық сотында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 676-бабы бойынша іс қаралды.

Сот Бейнеу ауданы ішкі істер басқармасының Көші-қон қызметі инспекторының шотына бес мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы аударғанын анықтады. Мекен-жайы бойынша әйелдің келінін уақытша есепке қою үшін қажетті құжаттарды дайындағаны үшін "Алғыс" ретінде берген.

"Инспектордың шотына банк қосымшасы арқылы қаражат жіберіп, жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ құқық бұзушылық жасады. Қаулымен күдікті кінәлі деп танылып, оған 483 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді",- деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.                                                                                    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу