Маңғыстауда "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағына 285 млрд теңге инвестиция салынған

426

2017 жылы "KAZAKHSTAN PIPE THREADERS" ЖШС премиум класты газ өткізбейтін бұрандалы құбырлар шығаратын зауытын іске қосты. Жоба нәтижесінде 70 жұмыс орны ашылды.   

Маңғыстауда "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағына 285 млрд теңге инвестиция салынған Фото: inbusiness.kz

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында 28 млрд теңге инвестиция салынған каустикалық сода және құрамында хлоры бар өнімдер шығаратын зауыт, құны 1,7 млрд теңгелік химиялық өнімдер шығаратын кәсіпорын 1,1 млрд теңгеге биг-бэгтердің жұмсақ қаптама ыдысын өндіру зауыты және 14,2 млрд теңге инвестиция салынған сорғы штангілер мен оған қажетті муфталар шығаратын зауыт бар.

Онда жемістер, көкөністер және азық-түлік өнімдерін сақтайтын "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы орналасқан. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сақтау бойынша тұрақтандыру қоры да сол жерде. Жоба құны - 4,6 млрд теңге.

Соңғы мәліметтерге жүгінсек, "Ақтау теңіз порты" АЭА инвестициясының жалпы көлемі 285,3 млрд теңге, оның ішінде шетелдік инвестиция – 169 млрд теңге. 411 млрд теңгенің өнімі өндірілді, 1400-дей жұмыс орны ашылды. Салық төлемдерінің көлемі 55 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар 2,7 млрд теңгелік өнім экспортталды.

АЭА-ның 50 қатысушысы тіркелді, оның ішінде 20 жоба іске асты, ал 30-ы жоспарланып жатыр.

 “АЭА аумағында жобаларды жүзеге асыру өңір экономикасын әртараптандыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, бюджет кірістерін арттыруға мультипликативті әсер береді.  Қосымша құрылыс индустриясын, жол инфрақұрылымын және өңірде оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже беретін басқа да салаларды дамыту қажет”, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу