Маңғыстауда "Ана мен бала" перинатальдық орталығы "Гипотермия" аппаратымен толықты

516

"Ана мен бала" перинатальдық орталығында нәрестелердің орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануының алдын алуға мүмкіндік беретін "Нәрестелерге арналған гипотермиялық кешенді аппарат" қолданысқа беріліп, таныстырылымы өтті.

Маңғыстауда "Ана мен бала" перинатальдық орталығы "Гипотермия" аппаратымен толықты

Өңірде тұншығудың ауыр дәрежесінде туған балалар қарқынды терапия және реанимацияны қажет етеді.

Емдеудің маңызды бағыты емдік гипотермия аппараты болып табылады. Гипотермия аппараты арқылы ем жүргізудің нәтижесі бала өлімі мен психомоторлық өзгерістердің дамуын төмендетеді. 

Орталықта гипотермия аппараты арқылы ем жүргізіліп, мамандардың көмегімен 6 сәбидің өмірін сақтап қалды. 

“Терапиялық гипотермия аппараты жаңа туған сәби өмірінің алғашқы сағаттарында ми жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Аппарат нәрестенің денесін салқындатып, қан ағынын түзетуге және бас миының жасушалары мен зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді. Амплитудалық электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және күтімдеу үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге көмектеседі”, - деді "Ана мен бала" перинатальдық орталығының директоры Жапырақ Епенова.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу