Маңғыстауда әскери теңізшілер біліктілігін шыңдады

419

Оқу-жаттығу кезінде әскери теңізшілер өрт пен әуе нысанынан қауіп төнген жағдайда қандай іс-шара қолдану керектігін пысықтады.

Маңғыстауда әскери теңізшілер біліктілігін шыңдады Фото: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Жау атқан оқ салдарынан өрт шыққан жағдайда әскери қызметшілер сақадай сай тұруы қажеттігі мен алғашқы көмек түсіндірілді.

"Орал" зымыранды-артиллериялық кеме командирі, 3-дәрежелі капитан Шахрух Абдуразаковтың айтуынша, шабуыл жасаушылар кез келген қауіпті іске дайын. Олар ұшақ, тікұшақ, ұшқысыз ұшу аппаратымен де оқ жаудырып, қауіп төндіру мүмкін. Сол себепті оқу-жаттығу барысында әскери теңізшілер 120 метр биіктікке дейін көтерілген арнайы қызыл шарды жаудан келген әуе нысаны ретінде санап, оны колибрі 30 миллиметр артиллериялық қондырғымен жою арқылы біліктіліктерін шыңдады.

Басты мақсат - ел президентінің халыққа жолдауын талқылау.

“Бүгін Каспий теңізіне шығып дивизионымыздың ұрысқа сақадай сай екенін көрдік. Дивизондағы кемелер жиі теңізге шығып, оқу-жаттығу әдістерін әрі қарай пысықтайды. Өздеріңіз байқағандай, әрбір матрос, әрбір офицер, әрбір старшина өз жұмыстарын, өз міндеттерін жіті біледі. Айта кету керек, Каспий өңіріндегі экономикалық жағдай, халықтың жағдайын қорғау әскери теңізшілердің басты міндеті”, - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының орынбасары Жұмабек Хасенов.

Бүгінде Каспий теңізінің маңын қорғауға атсалысып жүрген әскери теңізшілердің саны 1000-нан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу