Маңғыстауда әуе билетінің бағасы аспандап кеткен

1141

Бір жылдың ішінде елдегі ұшақбилеттерінің бағасы 8 пайызға қымбаттаған. 6 өңірде баға өсімі тіпті 10 пайыздан асып жығылған. Бұл мәселені Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жіті назарына алмақшы. 

Маңғыстауда әуе билетінің бағасы аспандап кеткен

Finprom.kz сайтының ақпаратына сенсек, былтырғы уақытта әуе билеттерінің саны қазіргіден 8,4 пайызға арзан болған. Ал Маңғыстау облысында ұшақ билеті 24,4, пайызға қымбаттаған.

"Билет бағасы Жамбыл облысында 19 пайызға, Атырау облысында 16,9 пайызға көтерілген. Алматыда 9 пайыз, Шымкент қаласында 7,7, пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында 6,7 пайыз баға өсімі тіркеліп отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бағаны ауыздықтау үшін шаралар қабылдамақшы. Билет бағасының аспандауына ұшақ саны мен әуе тасымалына деген сұраныстың сәйкес келмеуі, жанармайдың қымбаттығы әсер етуде", – деп жазады Finprom.kz.

Азаматтық авиация комитетітөрағасының орынбасары Айбек Әлжанов бұл мәселені шешу үшін FlyArystan лоукостерлерінің санын көбейту көзделгенін айтады. 2023 жылға қарай FlyArystan ұшақтарының санын 15-ке жеткізу жопарланған екен. 

Ұшақ орындарының тапшылығын азайту үшін "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Air Astana және QazaqAir компанияларының ұшақ паркін кеңейту үшін қосымша капитал құюы мүмкін. Авиациялық жанармай бағасын түсіру бойынша данақты шаралар қабылданбақ. Өйткені, әуе қатынасындағы тарифтің 30 пайызын жанармай шығыны құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу