Маңғыстауда ауыл тұрғындары бірін-бірі пышақтаған

282

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Маңғыстауда ауыл тұрғындары бірін-бірі пышақтаған Фото: Inbusiness.kz

19 желтоқсан күні сағат 05:20-да Маңғыстау ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Ақшымырау ауылының ауруханасынан дене жарақаттары бар екі науқас туралы ақпарат келіп түскен, Inbusiness.kz сайты.

Сол күні сағат 02:35 шамасында Ақшымырау ауылында ер адамдар арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде 32 жастағы ер адам үш адамға пышақпен дене жарақаттарын салған. Төбелес салдарынан 39 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қалған екеуі ауруханаға жеткізілді.

“Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”,-  деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу